{metadescription}
Қостанайлық азамат екі бөлмелі пәтеріне 107 адамды тіркеген

Қостанайлық азамат екі бөлмелі пәтеріне 107 адамды тіркеген

Ескертуді тыңдаудың орнына, көші-қон қызметкерлерінің үстінен арызданып, ХҚКО қызметкерлерін балағаттай бастаған.

Қостанай қаласының тұрғыны екі бөлмелі пәтеріне 107 адамды тіркеген. Қостанай облысының Полиция департаменті Көші-қон басқармасының басшысы Қайрат Дүтпаевтың айтуынша, қала тұрғынына бұның алдында бірнеше рет ескерту де жасалған.

«Оған тіркеу ережелерін бұзғаны туралы бірнеше рет ескерту жасалды. 107 адам тіркелген. Ал шын мәнінде онда бірнеше ғана адам тұрады. Бастапқыда 70 адамды, кейін одан да көп адамды тіркей бастады. Ескертуді тыңдаудың орнына, көші-қон қызметкерлерінің үстінен арызданып, ХҚКО қызметкерлерін балағаттай бастаған», - дейді Қайрат Дүтпаев.

Сол үшін пәтер иесіне 25 250 теңге айыппұл салынды. Бұл осымен екінші рет қайталанып отырған жағдай екен.

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.