{metadescription}
Қарағандылық отбасының 7 жыл жинаған тиыны қомақты қаржыға айналды

Қарағандылық отбасының 7 жыл жинаған тиыны қомақты қаржыға айналды

Жинақ сандықшасын толтырған отағасы жұбайының туған күніне толған "копилканы" сыйға тартуды жөн көріпті.

Қарағандылық отбасы 7 жыл бойы тиын жинаған. Жиналған тиыннан 700 мың теңге құралып, үйдің отағасы балаларының депозитіне салуға банкке апарған. Банк қызметкерлерін ақшаның мөлшері емес, номиналы ерекше таңғалдырды. Банк салымшысы 100, 50 және 20 теңгелік монеталардан тұратын жинақ ақшасын екі бес литрлік бөтелке мен пакеттерге салып алып келген екен.

Аты-жөнін жасырын қалдырғысы келген клиент тиын жинауды 7 жыл бұрын бастаған. Жинақ сандықшасын толтырған отағасы жұбайының туған күніне толған "копилканы" сыйға тартуды жөн көріпті. Әйелі тиыннан жиналған жинақ сандықшасындағы қаражатты жоймай, ұлдарының депозитіне салуға кеңес берген. Отбасы ақшаны банкке апарар алдында 4 сағат бойы санаған.

Дереккөз: sn.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.