Данияр Елеусінов америкалық боксшыны нокаутпен жеңді
Қазақстандық Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов америкалық Алан Санчесті нокаутқа түсірді.
09:40 21.12.2019
Жекпе-жек спортшымыздың қарсыласының отаны - Аризона штатының Финикс қаласында өтті. Қарсыластардың 10 раундқа арналған кездесуі Дэниэл Джейкобс - Хулио Сесар Чавестің жекпе-жегін ашты. Бокс кешінің басты оқиғасы екінші орта санаттағы әлемнің экс-чемпиондары - америкалық Дэниэл Джейкобс пен мексикалық кіші Хулио Сезар Чавестің кездесуі болды.
Елеусінов алғашқы раундтарда қарсыласының қабағын жарып, салдарынан төртінші үшминуттықта дәрігерлер америкалық боксшыны қарауға тура келді. Осылайша, отандық боксшы техникалық нокаутпен ертерек жеңіске жетті.
28 жастағы Елеусіновтің бұл он жекпе-жектегі тоғызыншы жеңісі, оның бесеуін нокаутпен аяқтаған. Ал Санчес карьерасында бесінші рет жеңіліс тапты. Оның қоржынында 20 жеңіс (10 нокаутпен аяқтаған) және бір тең ойын бар. 2016 жылы америкалық боксшы WBC Continental Americas аймақтық титулын алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары