Қазақстандық ауыр атлет Қатардағы турнирде жеңімпаз атанды
Қазақстандық ауыр атлет Игорь Сон Қатар кубогі турнирінің жеңімпазы атанды.
11:52 21.12.2019
Дохада ауыр атлетикадан өтіп жатқан Катар кубогы жарысында Қазақстан құрамасы алғашқы медальді жеңіп алды. 61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Сон жұлқи көтеруде 124 келіні бағындырып, екінші орынға тұрақтаса, серпи көтеруде 154 келіні көтеріп, топ басынан көрінді. Қоссайыс нәтижесінде Игорь Сон 278 келі нәтижесімен биіктен көрінді.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан алынған мәліметке қарағанда, Катар кубогында И.Соннан басқа тағы алты қазақстандық атлет бәсекеге түседі. Олар – Денис Уланов пен Нижат Рахимов (екеуі де – 81 кг), Илья Ильин (96 кг), Ибрагим Берсанов (109 кг), Екатерина Быкова (76 кг) және Раушан Мешітханова (87 кг). Бұл – ауыр атлеттер үшін биылғы соңғы турнир.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары