Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Екі жігіт көлікті тікұшақтан жерге лақтырып жіберді
Ресейдің Карелия Республикасында екі мәскеулік азамат Mercedes Gelandewagen маркалы автокөлігін тікұшақтан жерге құлатып жіберген.
14:40 21.12.2019
Олардың бұл әрекеттері түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Видеода Ми-8 тікұшағындағы 2 есерсоқтың Gelandewagen-ді тросқа байлап алғаны, біраз уақыттан соң оны ойланбастан төменге тастап жібергені анық көрінеді.
Кейін анықталғандай, екі Мәскеу тұрғыны тікұшақпен саяхаттау үшін 250 мың рубль (шамамен бір жарым миллион теңге) төлепті. Жерге құлап, быт-шыты шыққан 1995 жылы құрастырылған көліктен қалған жабдықтар темір-терсек қабылдайтын жерге өткізіліпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram