Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық боксшы өзбекстандық қарсыласын нокаутпен жеңді
Қарағанды қаласында бокстан Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирде қазақстандық Тоғамбай Сағындық финалға шықты.
13:57 21.12.2019
Т.Сағындық ауыр салмақта жартылай финалда жарыстың фавориті саналған өзбекстандық Әлішер Низомовты мерзімінен бұрын ұтты. Екінші раундта Ә.Низомовтың бапкерлері рингке орамал лақтырып, бәсекеден бас тартуға мәжбүр болды.
Асқар Еркебаев пен Азамат Игібаев жаттықтыратын Тоғамбай биыл қарашада Ұланбатырда жастар арасында өткен Азия чемпионатында екінші мәрте жеңімпаз атанған болатын. Ол онда да финалда өзбек боксшысы Амиршох Самадовты 5:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram