{metadescription}
Автобус жардан құлап, 6 адам мерт болды

Автобус жардан құлап, 6 адам мерт болды

Қытай Халық Республикасының солтүстік-шығысындағы Цзилинь провициясы Тунхуа қаласы аумағында жолаушылар автобусының жардан құлауы салдарынан мерт болғандар саны 6 адамға жетті. 

Бұдан бұрын «Синьхуа» агенттігі төрт адам қаза тапты деп мәлімдеген болатын. Нақты деректер бойынша, оқиға болған кезде автобуста 37 адам болған. Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақытпен таңғы 9.00-де орын алды. 

Зардап шеккендердің барлығы ауруханада, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оқиға болған жерде жедел қызмет ететін ведомствоаралық топ жұмыс істеп жатыр. Тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның себептері анықталуда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде