{metadescription}
Самара – Шымкент тас жолында 11 көлік соқтығысты

Самара – Шымкент тас жолында 11 көлік соқтығысты

Жантүршігерлік апат Ақтөбе облысында болған, тас жолда 11 автокөлік соқтығысты.

Салдарынан бес адам ауруханаға түсті. Ақтөбе облысында 11 көлік соқтығысты. Салдарынан 9 адам зардап шекті, бесеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. Жол апаты 21 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысында Самара – Шымкент тас жолының 859 шақырымында болды.

"11 автокөлік, соның ішінде екі жүк көлігі, сегіз жеңіл автокөлік және бір газель соқтығысты. Жол апаты салдарынан 9 адам зардап шекті, олардың бесеуі Хромтау қаласының ауруханасына жатқызылды", - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.

Екінші жол апаты Әйтеке би ауданында болды. Екі жеңіл көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.  Бұдан бөлек, Ақтөбе облысында ауа райының бұзылуынан 60 автокөлік жолда қалып қойды.

Барлық көлік кемпинг аумағына жөнелтілді. Жүргізушілер мен жолаушылар сол жерде жылынып, түнеп шықты. ІІМ мәліметінше, облыстық полиция мен төтенше жағдайлар департаменттері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Министрлік қар мен көктайғақ кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін еске салды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.