{metadescription}
Алматыда 95 жолаушы мінген ұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

Алматыда 95 жолаушы мінген ұшақ құлап, 7 адам қаза тапты

Алматыдағы ұшақтың құлауы салдарынан 7 адам қаза болды.

Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, Комитет таратқан ақпараттарға қарағанда, бүгін, 2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22 - де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Бэк эйр әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшып көтерілу кезінде биіктіктен айырылып, бетонды қоршауды сындырған.

Екі қабатты құрылыспен қақтығыс болды. Дереу құтқару жұмыстары басталды, өрт болған жоқ. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта қаза болғандардың саны 7 адамды құрайды.

Алматыда құлаған ұшақ ісі бойынша ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бастаған Үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып шығады. Оқиғаның егжей-тегжейлі жағдайлары мен себептері анықталады. Алдын ала мәліметтер бойынша, бортта 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде