Bek Air ұшақ апатының болжамды себебін атады
Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына себеп бір минут бұрын ұшып шыққан «Airbus» әуе кемесінің артынан қалған із болуы мүмкін, деді әуекомпания өкілі Алматыдағы баспасөз жиынында.
17:20 30.12.2019
"Алдын-ала болжам бойынша, әуе апатына себеп - бұл ұшақтан бір минут бұрын ұшқан Airbus. Ұшақтың артынан ілесетін із сияқты ұғым бар. Ұшқыштар дәл осы нұсқаны ұстанады", - деді компанияның бас ұшқышы Юрий Саппаров.
Сонымен бірге, әуе компания ешкімді кінәламайтындығын, бұл тек болжам екенін атап өтті. Отандық әуе команияның командирі Александр Колесников Алматы әуежайы ешқашан дерліктей жел тұрмайтын әлемдегі бірегей аэропорттардың бірі екенін айтты.
"Airbus ұшағының қозғалтқышы - Neo замануи жаңа қозғалтқыштарының легі. Air Astana компаниясы мындай типтегі қозғалтқыштарды екі жылдан бері пайдаланып келеді. Осының бәрі ұшақ қалдыратын "ілескен іздің" ұзақ болуына себеп болды. Бұл қозғалтқыштар енді ғана із қалдыра бастады. Бұл - жаңа ұшақтардың қайғылы статистикасының басы" , - деп есептейді Колесников.
Bek Air-де түсіндіргендей, ұшақтың "ілескен ізі" қозғалтқыштардың реактивті ағындары, ұшақтың бетінен шыққан шекара қабаты және қанаттарының ұшынан пайда болатын сақина тәріздес құйындарынан түзеледі. "Ілескен іздің" ұзындығы 12-30 шақырымды құрайды. "Ілескен із" артынан ұшып шыққан ұшаққа тиген кезде әуе кемесі жантайып қалуы мүмкін. Сондықтан "ілескен іздің" ұшарда не қонарда ұшаққа тиюі өте қауіпті. "Ілескен ізге" түсу әдетте ұшақ пилоты үшін күтпеген жағдай болады, сондықтан оны әуе кемесінің басқару жүйесінің істен шығуы деп қабылдауы ықтимал.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!