Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмолада жол апатынан жүргізуші мен сәби көз жұмды
Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмды.
09:08 31.12.2019
Ведомствоның дерегі бойынша, жол апаты 29 желтоқсанда Целиноград ауданы аумағында «Екатеринбор - Алматы» тас жолының 1 207 шақырымында болған.
«Анықталғандай Целиноград ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған «Лада-21703» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Лада-21703» көлігімен соқтығысты», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.
Қатты соққыдан екінші автомобильдің 33 жастағы жүргізушісі тіл тартпай кеткен. Тағы бес адамды, оның ішінде баланы жедел жәрдем дәрігерлері алып кетті. Кейін 2019 жылы туған сәбидің ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.
Ведомстводан атап өткендей, жол - көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші наурыз айында жүргізуші куәлігінен айырылған. Қазіргі кезде, жүргізуші ұсталып, оны қамау шарасын қолдану мәселесі шешілуде. Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram