{metadescription}
Эмоциясын көрсете алатын робот-мысық пайда болды

Эмоциясын көрсете алатын робот-мысық пайда болды

Қытайдың Elephant Robotics компаниясы іс-қимылдары арқылы түрлі көңіл-күйін көрсете алатын робот-мысық құрастырып шығарды.

MarsCat есімді электронды үй жануары 16 моторланған буындарының арқасында үй ішінде қозғала алады. Қарапайым жүрістен бөлек, ол ойнайды, ұйықтайды және қалдықтарды қоқыс жәшігіне сала алады. Механизациясы бар жануардың камерасы, микрофоны, динамигі, Raspberry Pi микропроцессоры, сондай-ақ жанасу датчиктері бар. Орнатылған технологиялар робот-мысыққа ойыншықтарды тануға, тосқауылдарды байқауға, сондай-ақ адамдардың пәрменін аңғара алады. 

Робот-мысық  келешекте нарықта 1299 доллардан (497,517 теңгеден) сатылады. Ерекше мысық жайлы жазған New Atlas басылымының дерегіне көз жүгіртсек, мысықтар адамдармен сөйлесу нәтижесінде өзгеретін көрінеді.

Айтпақшы, робот-мысық, адам секілді бір емес, бірнеше көңіл күйін көрсете алады. Мысалы, еріну, жалқаулану, ұялу, бірдеңе істеуге талпыну, енжарлық таныту, жігерлену, сөйлесуге тырысу секілді эмоцяиларын білдіруге қабілетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде