{metadescription}
Анатомия сабағын өзінің денесінде түсіндірген ұстаз оқушыларды шошытты

Анатомия сабағын өзінің денесінде түсіндірген ұстаз оқушыларды шошытты

Испанияда анатомия пәнінде өзінің денесі арқылы сабақ берген Вероника Дуке есімді ұстаз оқушыларды шошытты.

Дуке сабаққа бұлшық ет пен адамның ішкі мүшелері көрсетілген киім киіп келген. Ол оқушыларға бұл киімді интернет дүкені арқылы алғызғанын айтқан. Оның жұбайының айтуынша, әйелі оқушыларға адам анатомиясын көрнекі түрде түсіндіріпті. Алайда балалар мұғалімнің бұл әрекетіне жағаларын ұстаған. 

43 жастағы Дукенің шәкірт тәрбиелеп жүргеніне 15 жылдан асыпты. Ол оқушыларға жарытылыстану пәндерінен, өнерден сабақ беріп, шетел тілдерін үйрететін көрінеді. Қазір ол үшінші сынып оқушыларын оқытады. Ұстаз өзінің тәлімгерлеріне сабақты қызықты өткізуіне мұқият көңіл бөледі екен. Көрнекі мысалдарды Дуке анатомия пәнінен бөлек тарих және тіл үйретуде пайдаланады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде