Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтауда тұрғындарды жаңа жыл мерекесімен көлігі арқылы құттықтаған азамат жазаланды
Ақтауда жаңа жыл мерекесіне орай өзінің темір тұлпарын безендіріп, тұрғындарды осылайша құттықтамақшы болған жүргізуші жазаланды.
23:02 31.12.2019
Безендірілген көліктің иесі осылайша ақтаулықтардың көңілін көтергім келді дейді.
"Мен қалаға көлікпен шыққанымда, басқа жүргізушілер мәз болып, көліктерінің сигналын басып жатады. Жаяу жүргіншілердің көңілі көтеріліп, асығып-үсігіп суретке түсіреді. Мен тек адамдарға қуанышты көңіл-күй сыйлағым келеді", - дейді жүргізуші.
Дегенмен полицейлер оның бұл ісін құптамапты.
"Мені жолда полицейлер тоқтатып, құжаттарымды тексерді. Сосын өздерінің басшылықтарына хабарласты. Дегенмен менің бұлай көлікті айдағаныма еш қарсылық танытпады. Ал кеше басқа сақшылар менің автокөліктің артқы нөмірін шешіп алып, 12 АЕК (30 300 теңге) көлемінде айыппұл салды. Мүмкін олардың көңіл-күйлері жоқ болды-ау шамасы", - дейді ер азамат.
Оның бұл ісін әйелі мен қызы мақұлдаған көрінеді.
"Әйелім ұрысқан жоқ, ол менің ұрысқа дайын тұратын құрбым ғой. Ешнәрсе етпейді деді. Қызым полицейлер жаңа жыл қарсаңында неге бұлай жасағандарына түсінбей жатты. Мен бұл жағдайға қамықпаймын. Барлықтарыңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!", - деді Ақтау қаласының тұрғыны.
Қалалық ПД қызметкерлері жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке 590 бап бойынша тартылғанын жеткізді.
"Жүргізушіні тоқтатуға себеп болған жағдай - автокөліктің жаңа жылдық жарық шамдарымен безендірілуі. Бұл шамдардың салдарынан өрт пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайға байланысты азаматпен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді тәртіп сақшылары.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram