Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтау тұрғыны теңізге секіріп, батып кете жаздады
Каспий теңізіне жүзбек болған Ақтау қаласының тұрғыны өлім аузынан қалды.
13:17 02.01.2020
Оқиға Ақтау қаласында 4-шағынаудандағы «Тастақты соқпақ» (Скальная тропа) аумағында болған. 1 қаңтарда Маңғыстау облысының шұғыл және жедел медициналық жәрдем станциясына (103 қызметі) шақырту түскен. Белгілі болғандай, спирттік ішімдік ішкен 30 жастағы қала тұрғыны Каспий теңізіне секіріп, суға батып кете жаздаған.
«30 жастағы науқасқа суға батып, аспирация синдромын алды диагнозы қойылды. Мамандар оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізді. Науқас жалпы қан анализінен, биохимиядан және іш қуысының ультрадыбысынан өтті», - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ақтаулықты хирург-травматолог қарады. Науқас ауруханаға жатудан өз еркімен бас тартты. Ер адам бұл теңізде қыс кезінде бірінші рет жүзуі емес екенін түсіндірді. Ол үшін 1 қаңтарда Каспийге түсу дәстүрге айналған, бірақ бұл жолы сәтсіз болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram