Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қызылордада жол апатынан 1 адам қаза тауып, 7 адам зардап шекті
Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Иіркөл ауылының тұсындағы «Шымкент-Самара» тасжолының бойында екі жеңіл автокөлік соқтығысты.
16:42 02.01.2020
Оқыс оқиғадан 1 адам қайтыс болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Қазір облыс аумағында ауа райы қолайсыз болып тұр.
«Жолдағы көктайғақ барлық жол қозғалыс қатысушылары үшін қауіпті. Осыған орай жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолда мұқият болуды ескертеміз», - деді департамент өкілі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram