Ер адамның арқасына шыққан жара қатерлі дерт болып шықты
Ұлыбританияның тұрғынының арқасына 14 сантиметрлік мүйіз өсіп кетті.
18:15 02.01.2020
50 жастағы ер адам үш жыл бойы артында пайда болған өсімді елемей жүре берген. Ол барған сайын күшейе түсті, содан кейін қатты мүйізге айнала бастады. Оның қалыңдығы 5,8 сантиметрге жетіп, ұзындығы 14 сантиметрге жеткенде, ер адам дәрігермен кеңесуді жөн деп шешті.
Мүйіз қабықшалы жасушалық карцинома - емделетін қатерлі ісік болып шықты. Ол алынып тасталды, содан кейін жамбастан трансплантацияланған теріні арқадағы терінің орнына жапсырды. Ісік ер адамның басқа мүшелеріне әсер етпеді.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!