{metadescription}
Алматыда жігіттердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалған

Алматыда жігіттердің жаппай төбелесі видеоға түсіп қалған

Жігіттер арасындағы жанжал 4-інен 5-іне қараған түні болған.

Кадрларда бірнеше ер адамның жол бойында сөйлесіп тұрғаны байқалады. Кейіннен ер адамдардың бірі екіншісін ұрып жіберіп, ол жерге құлайды. Жігіттер оны аясыз соққыға жығады. Алайда, қасында тұрғандардың бірі оған араша түспек болғанда, жанжал жаппай төбелеске ұласады.

Алматы полициясы департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері бұзақылыққа қатысы бар күдіктілердің ұсталғанын, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оқиға Шагабутдинов көшесінде болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.