Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Танымал әнші бірнеше рет зорланғанын ашық айтты
Атақты америкалық әнші, "Оскар" жүлдесінің иегері сол кезде жаны қиналып, күйзелісте болғанын жасырмады.
19:23 06.01.2020
Танымал әнші Леди Гага 19 жасында бірнеше рет зорланғанын ашық айтты. Әртістің айтуынша, ол бірнеше рет зорлық көрген соң күйзеліске түскен.
"19 жасымда мені бірнеше рет зорлады. Бұл жан дертімді әлі емдеген жоқпын", - деді Леди Гага америкалық тележүргізуші Опра Уинфриге берген сұқбатында.
Сонымен қатар, әртіс атағына қарамастан жаны қиналып, күйзелісте болғанын жасырмады. Сұқбат барысында әнші өзін кім зорлағанын анық айтқан жоқ. Бірақ, ол оның таныс адам екенін меңзеді.
Осы орайда, The Independent басылымы бұған дейін Леди Гага америкалық музыкант Ар Келлимен байланысын тоқтатқанын атап өтті. Әншінің мұндай қадамға баруына Ар Келлиге "бірнеше әйел зорлады" деген айып тағылып, оның қамауға алынуы себеп болуы мүмкін.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram