Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
WhatsApp-та жаңажылдық вирус тарап жатыр
WhatsApp мессенджерінде жаңа вирус пайда болды.
17:34 07.01.2020
Мессенджер қоданушылары оған "жаңажылдық" деп ат қойып алған. Вирус өте қарапайым әдіспен жұмыс істейді: қолданушыға сілтемемен бірге жаңажылдық құттықтау жазылған хабарлама келеді. Сілтемені басқан кезде, вирусы бар ресурс ашылады. Осылайша, алаяқтар адамның телефонында сақталған жеке мәліметтері мен ақпаратын ұрлайды.
Мамандар алаяқтардың арбауына түспес үшін белгісіз нөмірден келген хаттарды ашпауға кеңес берді. Оларды бірден бұғаттап, қолдау қызметіне хабар берген абзал. Бұған дейін 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқалары орнатылған смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтататыны хабарланған еді.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram