{metadescription}
Генерал Сүлейманиді жерлеу кезінде 35 адам қаза тапты

Генерал Сүлейманиді жерлеу кезінде 35 адам қаза тапты

Иранның Керман қаласында генерал Кассем Сулейманимен қоштасу рәсімінде болған қақтығыста 35 адам қаза тауып, 48 адам жарақат алды.

Ирандық генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі оның туған қаласы Керманада сейсенбіде таңғы уақытта басталды. Осыған дейін, Иран телеарнасы бірнеше адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған.

«Өкінішке қарай, Кермандағы жерлеу рәсіміне қатысушылардың жаппай жиналуына байланысты бірнеше адам қайтыс болды, бірнеше зардап шегуші медициналық орталықтарға жеткізілді», - деді жедел жәрдем басшысы Пир Хосейн Куливанд.

Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайы нақтылануда, тергеуден кейін қосымша ақпарат берілетін болады.

3 қаңтарда түнгі уақытта АҚШ Бағдад халықаралық әуежайы аумағында Сулеймани мен Ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандиске қарсы операция жүргізді. Вашингтон оларды 2019 жылы 31 желтоқсанда Бағдад қаласындағы америкалық елшілікке жасалған шабуылға қатысы бар деп есептейді. Иранның жоғарғы басшысы Али Хаменей Сулейманидің өлімі үшін АҚШ-тан кек алуға уәде берді. АҚШ президенті Дональд Трамп егер американдықтар шабуылға ұшыраса, Ирандағы 52 нысанаға «жылдам және күшті соққы» жеткізуге уәде берді. Әлемдік қауымдастық АҚШ пен Иранды сабырға шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде