{metadescription}
Алматыда үш адам газдан уланып, көз жұмды

Алматыда үш адам газдан уланып, көз жұмды

Алматыда жылытқыш құрылғыны газ құбырына мамандардың көмегінсіз өз еркімен қоспақ болған үш адам көз жұмды.

6 қаңтар күні Төтенше жағдайлар департаментіне Түрксіб ауданының Дегдар көшесінде медицина мамандары жеткенше 1950, 1960, және 1997 жылы туған үш адамның мерт болғандығы туралы хабар келіп түскен.

«Тексеру жұмыстарының барысында мамандар газ құбыры мен күмәнді жылытқыш құрылғыны бір-біріне қолдан жалғамақ болғаны анықталды. Бұл ретте оларда газ пешінің түтін шығатын құбырын бекітетін бекіткіш те болмаған. Сөйтіп құбыр қажетті жеріне дұрыс бекітілмеген. Ал газ шығуы тиіс саңылаулардың барлығы шүберекпен бекітіліп тасталған. Түтін шығатын құбыр да дұрыс орнатылмаған», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.

Осы аталғандардың барлығы адамдарды қайғылы жағдайға душар етті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде