{metadescription}
Сулейманимен қоштасу кезінде қаза болғандардың саны 50 адамнан асты

Сулейманимен қоштасу кезінде қаза болғандардың саны 50 адамнан асты

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары генерал Касем Сулейманиді жерлеу кейінге қалдырылғанын хабарлады.

Иранда генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі кезінде 50-ден астам адам қаза болды, 200-ден астамы зардап шекті. Бұған дейін қоштасу рәсіміне адам тым көп жиналғандықтан, 35 адамның көз жұмғаны хабарланған.

"Қаза болғандардың саны 50 адамнан асты, олардың көпшілігі ер адамдар", - деді Керман аймағының сот медицинасы ұйымының басшысы Аббас Амиян.

Генерал Касем Сулейманимен қоштасу рәсімі оның туған қаласы Керманда бүгін таңертең басталған еді. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, генералмен қоштасқысы келетіндердің көптігіне байланысты оны жерлеу кейінге қалдырылған, деп жазады sputniknews.kz. 3 қаңтарда АҚШ Бағдадтағы халықаралық әуежай аумағында арнайы операция жүргізіп, ирандық генерал Сулеймани мен ирак шейіттер жасағының басшысы Абу Махди аль-Мухандисті өлтірді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.