Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақмолада аудан әкімі аза тұту күні мейрамханада көңіл көтерді
Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері қаралы күні асыр салып той тойлапты.
11:40 08.01.2020
Ақмола облысының Ерейментау ауданы әкімдігінің қызметкерлері жалпыұлттық аза тұту күні жаңа жыл тойлады. Олар қаралы күні би билеп, ән салыпты. Ұшақ апатына қатысты жарияланған аза тұту күніндегі шенеуніктердің әрекеті тұрғындардың ашу ызасын туғызған. Басшылардың бассыздығына ашынған ерейментаулықтар полицияға хабарлаған екен. Бірақ оларды тоқтатқан ешкім болмаған.
"Сол күні президент жарлығымен қаралы күн жарияланып, республика бойынша ойын-сауық іс шаралары кейінге шегерілген еді. Бірақ бұл қайғылы жағдайға да, президент жарлығына да Ерейментау ауданының әкімі мен қызметкерлері селт етпеген сыңайлы", - делінген ақпаратта.
Олар жаңа жылдық кеште жергілікті мәслихат депутатының мейрамханасында асыр салып той тойлаған екен. Аудан әкімі болып тағайындалғанына бір жыл да болмаған Абай Әлжанов сол кеште әйелімен бірге "туған күнде болдым" деп отыр.
"Бір туыстардың туған күнінде болдық. Мен кірдім де шықтым, бір туысымның... несіне... жолдасыммен. Беретінімді беріп, құттықтап шықтым", -деді Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов.
Ұшақ апаты Алматыда 27 желтоқсан таңғы сағат жетіде болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram