{metadescription}
Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болды

Тегеранда құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болды

Украинаның жолаушылар лайнері бүгін таң ата Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежай маңында апатқа ұшырады.

Киевке бағыт алған ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Тегеран әуежайынан ұшқаннан кейін апатқа ұшыраған «Халықаралық Украина әуе желісінің» Boeing-737 ұшағының барлық жолаушылары мерт болды. Бұдан бұрын, Азаматтық авиация ұйымының өкілі Ирана Реза Джафарзаде ұшақ өртке оранып, адамдардың аман қалуы мүмкін еместігін мәлімдеген. Ол қазіргі уақытта құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтап жатқанын жеткізді.

PS752 украина рейсі Мәскеу уақытымен таңғы 5:42-де Тегераннан ұшып, 2 минут өткеннен кейін ұшақпен байланыс үзілген. Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз. ҚР Сыртқы істер министрлігі құлаған ұшақта қазақстандықтардың жоқ екенін мәлімдеді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде