Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Иранда құлаған ұшақта қазақстандықтар болмаған
Апатқа ұшыраған украиналық ұшақта қайтыс болған жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ.
14:43 08.01.2020
"Иран сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын ала ақпараты бойынша, украиналық әуе компанияның құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ", - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен бірге, қазақстандық консул консулдық мекемеде тіркелген Қазақстан Республикасының барлық азаматтарын шақырады. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген.
Айта кетейік, бүгін таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайында Украинаның жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақта болған жолаушылардың барлығы мерт болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram