Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Иранда құлаған ұшақтан студенттің хаты табылды
Құтқарушылар Имам Хомейни әуежайының маңында құлаған украиналық ұшақтың сынықтары арасынан ирандық студенттің жазбасын тапты.
15:40 08.01.2020
Онда студент емтиханды сәтті тапсыру үшін құдайдан көмек сұраған. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандардың басым бөлігі – канадалық студенттер. Олар украиналық әуе жолын арзан болғандықтан таңдапты. Студенттер 8 қаңтарда таңертең Рождествоға берілген демалыстан кейін оқуға оралмақ болған.
Бүгін Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайының маңында украиналық Boeing 737 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақта болған жолаушылардың барлығы мерт болды. Әуе апатынан жеті елдің, соның ішінде Канада, Иран, Украина, Германия, Ұлыбритания, Швеция және Ауғанстан азаматтары қаза тапқаны белгілі болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram