Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қостанайда несиесін жаба алмаған жігіттер кәсіпкерді тонаған
Қостанайда кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды.
17:07 08.01.2020
Қылмыс 2019 жылдың 29 желтоқсанында жасалды, деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Шамамен сағат 18.30 кезінде Складской көшесінде белгісіз екі адам кәсіпкерге тап беріп, көзіне газ балонын шашып қолындағы ақша салынған пакетін алып қашқан. Жолда пакет жыртылып ішінен үш миллион теңге қарға түсіп қалған. Ұрылар қалған 2,5 миллион теңгені алып тайып тұрған.
Шабуыл жасағандар бетперде кигендіктен жәбірленуші полицияға олардың түр тұлғасын сипаттап бере алмаған. Солтүстік полиция бөлімінде бұл істі ашу бойынша жедел іздестіру тобы құрылып, оған полиция капитаны Аян Шаяхметов басшылық етті. Сондай-ақ, бұл тптың құрамында жедел іздестіру қызметінен полиция капитаны Қазбек Қайратұлы мен капитан Қуат Темірғалиев, Болат Нұртазин, Әлібек Кеукеновтер жұмыс істеді.
"Біз жедел шаралар өткізіп, 31 желтоқсан күні қылмыс жасады деген күдікке іліккендерді ұстадық. Олар 32 және 33 жастағы облыс орталығының тұрғындары болып шықты. Ұрылар Тобыл қаласында ұсталды. Ақшасының бір бөлігін ғана тәркіледік. Себебі олар кредиттерін жауып, тағы біраз ақшаны жаңа жылға жұмсап үлгерген екен", - деп әңгімеледі тәртіп сақшысы.
Қазір олар қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram