Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Шымкентте жастар төбелесіп, атысты
Шымкент қаласында екі топтың арасындағы төбелестің соңы атысқа ұласқан.
20:49 08.01.2020
2020 жылдың 6 қаңтарында сағат 21.00 шамасында қала кафелерінің бірінде екі топ жас жігіттер арасында жанжал шыққан. Оқ тиген жігіттің бірі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
«Екі топқа бөлінген жігіттер төбелескен, «Hyundai Accent» маркалы автокөлік жүргізушісі мен жолаушысына қарай бірнеше рет оқ атылған. Бір адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 3 бабына сәйкес «адам өлтіруге оқталу», «бұзақылық» және «қаруды заңсыз алып жүру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - делінген хабарламада.
Осы оқиғаға байланысты тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері барлық жанжал қатысушыларын анықтап, ұстады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram