Ақтауда жол апатынан 5 адам зардап шекті
Ақтау қаласының 30-шы шағынауданында екі машина соқтығысып, салдарынан Тоуота Land Cruiser 200 көлігі жол шетінде аударылып қалды.
08:26 09.01.2020
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам зардап шекті. Оның біреуі кішкентай бала.
«Апаттан зардап шеккен бес адам облыстық ауруханаға жеткізілді. Екеуі дәрігерлердің тексеруінен соң үйлеріне жіберілді. Зардап шеккендердің дені жабық ми жарақатын алған. Қазір жол-көлік оқиғасының себеп-салдарын анықтау жұмыстары жүріп жатыр», - деп мәлім етті МО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Екі көлік те айыптұрағына қойылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!