{metadescription}
Мамандар телефонды қай жерде зарядтауға болмайтынын айтты

Мамандар телефонды қай жерде зарядтауға болмайтынын айтты

Соңғы кезде қоғамдық жерлерде телефонды зарядтауға арналған орындар көбейіп келеді.

Алайда мамандар мұндай USB-ді қолдану қауіпті болуы мүмкін екенін айтып отыр. Олар арқылы телефонның ішіндегі мәліметтерді алып, вирустық бағдарламалар жүктеуге болады. Group-IB компаниясының компьютерлік криминалистика зертханасы жетекшісінің орынбасары Сергей Никитин стандартты USB кабельде төрт сым болатынын айтты. Екеуі мәлімет алмасу, біреуі тоқ беру ("фазасы" әдетте 5 вольт), соңғысы — "нөл".

"Кез келген гаджетті USB арқылы зарядтау үшін "нөл" және 5 вольттік сымдар жеткілікті. Ал мәлімет алмасуға арналған сым қолданылмауы керек. Өйткені оның көмегімен зарядтау құрылғысына шағын компьютер қосуға болады. Яғни сіз телефонды зарядтауға қойғанда, ол өзге құрылғыға қосылып кетуі мүмкін", - деп ескертті маман. 

Осылайша алаяқтар зарядталып тұрған телефонды шағын компьютер арқылы басқарып, телефонға арнайы код жібере алады. Сол код арқылы телефонды басқарады.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде