{metadescription}
Ақтөбе облысында мұнай-газ сұйыққоймасы өртенді
8 қаңтар күні кешкі уақытта Ақтөбе облысы, Жаңажол поселкесінде мұнай қалдықтарына арналған резервуар өртенді.
09:19 09.01.2020
Оның көлемі үш мың куб метр болған-ды. Оқыс жағдай Жаңажол мұнай-газ кешенінің аумағында болды. Зиян шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.
Резервуар ішінде су мен мұнай болған. Өртті сөндіруге 8 бірлік техника мен өрт сөндірудің 35 қызметкері жұмылдырылды.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары
загрузка...