Академик Өмірзақ Айтбаев өмірден озды
Профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі әрі Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев бақилық болды.
10:02 09.01.2020
Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәуірде Түркістан облысының Отырар ауданына қарасты Балтакөл ауылында дүниеге келген. 1959 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (ол тұста Киров атындағы ҚМИ) филология факультетін бітірген.
1971 жылы «М.Горький фразеологизмдерінің қазақ тілінде берілу жолдары» деген тақырып бойынша кандидаттық диссертация қорғаған. 1959-1962 жылдары Республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің əдеби қызметкері, 1962-1974 жылдары Қазақ ССР ҒА Тіл Білімі институтына кіші ғылыми қызметкері, 1974-1981 жылдары аға ғылыми қызметкер, 1981-1989 жылдары «Терминология мен аударма теориясы» бөлімінің меңгерушісі болып еңбек еткен. 1973 жылдан «Ғылыми терминологиялық орталықтың» директоры болып қызмет етсе, 1989 жылдан Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, кейін президенті болған. «Құрмет»,«Парасат» ордендерімен марапатталған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!