{metadescription}
Шымкентте баспана ала алмаған көпбалалы ана өзіне қол жұмсап, мерт болды

Шымкентте баспана ала алмаған көпбалалы ана өзіне қол жұмсап, мерт болды

Шымкент қаласының полициясы көп балалы ананы өз-өзіне қол жұмсауға не итермелегенін анықтап жатыр.

Шымкентте көп балалы ана өз-өзіне қол жұмсады. Әйелдің артында алты баласы қалды. Оларды әйел жалғыз өзі тәрбиелеген. Қайғылы оқиға Жаңа жыл мерекесі қарсаңында болды. Кейбір БАҚ-тардың хабарлауынша, қайтыс болған әйел мемлекеттен баспана алу үшін кезекте тұрған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайы мен көп балалы ананы осындай қадамға итермелеудің себептерін анықтауда.

"Бұл факті әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді", - дейді Шымкент қалалық полиция бөлімінің ресми өкілі Әсел Сәденова.

NewTimes.kz ақпарат агенттігінің хабарлауынша, алты баланың анасы 28 желтоқсанда өз-өзіне қол жұмсаған. Ақпараттық портал үй кезегі жақындағанда әйелді тізімнен кейінге шегеріп жіберуі оның өз-өзіне қастық қылуына себеп болған деген болжамды жариялады.

Дереккөз: zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде