{metadescription}
БАҚ: Украиналық лайнерді Иранның қорғаныс күштері атып құлатқан

БАҚ: Украиналық лайнерді Иранның қорғаныс күштері атып құлатқан

«Украин Халықаралық әуежолы» әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағын Тегеранда Иранның зенит-зымыран кешені атып құлатқан.

Мұндай нұсқаны Newsweek газетіне Пентагон өкілі, АҚШ барлау қызметінің жоғары лауазымды өкілі әрі Ирак арнайы қызметінің қызметкері айтты. Пентагонның пайымынша, украиналық лайнер «қателіктен» атып түсірілген. CBS News басылымы болса, өз дереккөзіне сілтеме жасай отырып, америкалық жерсеріктердің «жер-әуе» типіндегі екі зымыранның инфрақызыл «жарқылын» тіркегенін хабарлады.

Ал АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы бұл мәселеге пікір білдіруден бас тартқан. Кейін АҚШ президенті Дональд Трамп та украиналық ұшақ апатының себебі техникалық ақау дегенге күмәнмен қарайтынын мәлімдеді. CBS News-тің хабарлауынша, Трамп:

«Бұл тұрғыда күмәнім бар», - деп отыр.

Оның айтуынша, бұл қайғылы оқиға «арғы беттегі әлдекімнің қателесуінен болуы мүмкін». Еске салайық, Киевке бағыт алған Boeing 737-800 ұшағы таңғы уақытта Тегерандағы әуежайдан ұшып шыққан бетте апатқа ұшыраған.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде