{metadescription}
Белгілі актер теңізде 11 сағатқа жоғалып кеткен жігітті құтқарды

Белгілі актер теңізде 11 сағатқа жоғалып кеткен жігітті құтқарды

Атақты америкалық актер Леонардо Ди Каприо теңізде жарты тәулікке жуық уақыт өткізген Франция азаматын құтқарды.

Оқиға 30 желтоқсан күні болды. "Титаник" фильмінің 45 жастағы жұлдызы Кариб теңізінде яхтада демалып жатқан уақытта, апат сигналын естіген. Cол мезетте басқа кеменің экипажы жолаушылардың бірінің жоғалтып кеткенін хабарлады.

Белгілі болғандай, Виктор есімді 24 жастағы Франция азаматы алкогольді ішімдікті шектен тыс тұтынып, борттан құлап кеткен екен. Бұл хабарламаға жауап қатқан тек Ди Каприоның кемесі ғана еді. Содан кейін олар бірден жоғалып кеткен жігітті іздестіруге кірісті.

Ди Каприо көп ұзамай Саба аралына жақын жерден франциялық жігітті тауып алып, көмек қолын ұсынды. Құлаған азаматтың 11 сағатын суда өткізгені белгілі болды. Ол Леонардо Ди Каприоның яхтасында тамақтанып, киім ауыстырды. Жолы болған жігіттің есімі Виктор, ол өте аш болған және қатты тоңған. Француз есін жиған соң жылап, актерге алғысын білдіре бастады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде