Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оңтүстік Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандық сотталды
Сот Оңтүстік Кореяда баланы қағып, отанына қашып кеткен Қазақстан азаматына қатысты үкім шығарды.
13:06 10.01.2020
Чанвон Кан Се Бин округінің қылмыстық істер бөлімінің Бас судьясының үкіміне сәйкес, 10 қаңтар күні 21 жастағы азамат А. адам қағып кеткені және лицензиясыз көлік басқарғаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Прокуратура заңсыз көшіп-қонушыны бес жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда судья айыпталушының өз іс-әрекеті үшін өкінгенін және кешірім сұрау үшін Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға өз еркімен келгенін ескерді.
Бірақ, дереккөздің мәліметінше, баланың ата-анасы сотталушыны кешірмеді. Олардың айтуынша, баланы емдеуге алпыс миллионнан аса вон жұмсалған. Ал ол 50 000 доллардан асады. Сонымен қатар, баланың әкесі мен анасы ұлына қарау үшін жұмыстарынан шығуға мәжбүр болған.
Еске салайық, мұның алдында қазақстандық 20 жастағы жігіттің Оңтүстік Кореяда бала қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram