Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Нұр-Сұлтанда мейрамхана қонақтары төбелес шығарып, бір-бірімен атысты
Нұр-Сұлтандағы мейрамханалардың бірінде жаппай төбелес орнап, оның арты атысқа ұласты.
13:21 11.01.2020
Әлеуметтік желіде тараған видеода дәмханаға бірнеше ер азаматтардың баса көктеп кіріп келгені көрінеді. Артынша олар сол жерде отырған адамдармен төбелес шығарып, біраздан соң келгендердің біреуі тапаншасын көрсетіп, атып жібереді. Елордалық ПД-нің мәлімдеуінше, оқиға 2019 жылдың 31 желтоқсанында болған.
"Қазіргі таңда іске қатысы бар азаматтардың барлығы қолға түсіпті. "Бұзақылық" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жарақат алғандар жоқ", - деді ПД қызметкерлері.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram