{metadescription}
Қазақстандық би студиясы Мәскеуде өткен фестивальде жеңімпаз атанды

Қазақстандық би студиясы Мәскеуде өткен фестивальде жеңімпаз атанды

Батысқазақстандық Қарлығаш Қадырбекова бастаған «ҚҚҚ» би студиясы Мәскеу қаласында өткен ІІ халықаралық «ГРАН-ПРИ ФЕСТ. Москва» көп жанрлы фестиваль-конкурсының жеңімпазы атанды.

«Космос» концерттік залында өткен байқауға Ресейдің 23 қаласынан және ТМД елдерінен 56 ұжым қатысып, бақ сынады. Бағдарлама ережесі бойынша қатысушылардың кәсіби шеберлігі, өнер сапасы, сахналық қарым-қабілеті бағаланды. Батысқазақстандық би студиясы ұжымдық өнерден Гран-приді жеңіп алса, жеке орындаушылардан Гүлдана Қадерова «Тұмар ханшайым» биімен, Ақнұр Шәріпова «Жезтырнағымен», сондай-ақ бүлдіршіндер «Хорезм» биімен бірінші дәрежелі дипломға ие болды.

Оған қоса жыл соңында Сочиде өтетін бүкілресейлік фестиваль-байқауға жолдама алды. Қазылар алқасының құрамында ресейлік өнер саласының белді мамандары болды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бұл – халықаралық байқауда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, топ жарған Ақ Жайық өнерпаздарының жеңісі. Осы байқауға Қазақ елінің атынан шығатын болғаннан кейін үлкен жауапкершілікпен бардық. Еңбегіміздің жемісін көріп, сенім үдесінен шыққанымызға қуаныштымыз», - деді танымал хореограф Қарлығаш Қадырбекова.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде