Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Маңғыстау облысында үш автокөлік соқтығысып қалды
Үш көлік соқтығысқан оқыс оқиға Мұнайлы ауданы Бесқұдық ауылының маңында болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының Полиция департаменті хабарлады. УАЗ көлігі бұрылып жатқан сәтте оған Nissan маркалы көлік соғылған. Осыдан соң инерция бойынша УАЗ автокөлігі алдында тұрған Geely көлігіне соғылған. «Оқиғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Көліктер айып тұрағына тоғытылды», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
22:43 11.01.2020
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!