Әблязовтің серіктесі сотталып жатыр
Бұрынғы банкирдің сыбайласы оффшорлық компания арқылы миллиардтаған қаршыны заңсыз шетелге шығарды деген күдікке ілініп отыр.
20:05 13.01.2020
Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Александр Удовенко АҚШ-та сотталып жатыр. Александр Удовенко осыған дейін Вашингтон қаласының маңында ұсталған болатын. 2009 жылы ресейлік кәсіпкер Лондоннан қашып кеткен. Кейін одан хабар-ошар болмаған. Басылым таратқан ақпарат сәйкес, Удовенко Лондонда Әблязов мүддесін қорғап, оффшорлық компания арқылы "БТА Банкінен" миллиардтаған қаржыны жеке есепшоттарға аударуға көмектескен. Кейін ресейлік кәсіпкер АҚШ-қа қоныс аударған.
Бұдан соң Мэриленд штатындағы Бетесда елдімекенінде "инвестициялық кеңесші" болып еңбек етіпті. Басылым Александр Удовенконы "Мұхтар Әблязовтың басты серіктесі" болғанын хабарлайды. Соттың арыздарында ол "ұрланған ақшаларды аударуға мүмкіндік беретін жүздеген оффшорлық компанияның иесі және әкімшісі" ретінде көрсетілген.
Осыған дейін Мұхтар Әблязов АҚШ-та сотталуы мүмкін екені айтылған. Оған қатысты іс Нью-Йорк қаласында осыдан 4 жыл бұрын Алматы қаласының әкімдігі мен "БТА Банкінің" арызы негізінде қозғалған. Қашқын банкир мен оның сыбайластары АҚШ-та заңсыз жолмен табылған қаражатты жасырды деген күдікке ілігіп отырр
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары