Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ғалымдар тірі робот жасап шығарды
АҚШ ғалымдары бақалардың жасушаларынан тірі робот құрастырып шығарды.
17:54 15.01.2020
Олардың мөлшері небәрі 1 миллиметрді құрайды. Америкалық ғалымдар өздерінің тәжірибелерін Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жариялаған. Роботтардың сызбаларын жасап шығарумен Вермонт университетіне тиесілі Deep Green жасанды интеллегі бар суперкомпьютер айналысыпты. 500-1000-нан астам жасуша қолмен іріктеліп, микроқысқышпен құрастырылыпты.
Ғалымдардың мәліметінше, жасалған нәрсе - қарапайым робот та, жануар да емес, тірі бағдарламалық ағза. Бұған қоса мамандар "тірі" роботты адам денесіне екпе немесе дәрі жібергенде қолдануға болатындығын айтты.
Роботтардың қаңқасына негіз болған нәрсе - құрбақалардың эмбриондық жасушалары. Бақалардың жүрегінен алынған жасушалардың көмегімен роботтар қозғалу қабілетіне ие болған. Олар сулы ортада бірнеше апта бойы жүзіп, өзінің жинаған қорымен қоректенеді. Ал егер жұмысы тоқтаса, жылдам шіріп кету қасиетіне ие.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram