Асқар Мамин қызметінен кетті
Асқар Мамин "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетті.
19:09 15.01.2020
Осындай құжат eGov порталында жарияланды. Үкімет қаулысымен премьер-министр Асқар Мамин директорлар кеңесі құрамынан шығарылды. Сондай-ақ, кеңестен Президент көмекшісі Тимур Сүлейменов те кетті.
Директорлар кеңесінің жаңа мүшесі Президент көмекшісі Қанат Бозымбаев болды. Шешім 1 қаңтардан бастап күшіне енді. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ директорлар кеңесінің құрамы келесідей:
- Қанат Бозымбаев - Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі;
- Руслан Даленов - Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрі;
- Ахметжан Есімов - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы;
- Ричард Эванс - тәуелсіз директор;
- Альпер Акдениз - тәуелсіз директор;
- Вильгельм Бендер - тәуелсіз директор.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары