Танымал дизайнер пәтерде өлі табылды
Танымал өзбекстандық дизайнер Нариман Григорянды өлтірді деген күдікті ұсталып, қамауға алынған.
09:16 20.01.2020
Әзірге ұсталған адам жайында мәлімет таратылмады. 14 қаңтарда Яшнабад аудандық ішкі істер басқармасына Нариман Григорянның өлімі жайында ақпарат түскен. Оның денесі дизайнер жалдап тұрған пәтерде табылған.
Нариман Григорян – өзбектің танымал дизайнері әрі хореограф. 2004-2008 жылдары Өзбекстанның хореография академиясында білім алған. "Nariman Grigoryan" брендінің негізін қалаушы болған.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары