{metadescription}
Ажырасқан ер адам балаларын әйеліне тартқаны үшін аяусыз сабаған

Ажырасқан ер адам балаларын әйеліне тартқаны үшін аяусыз сабаған

Балаларды әкесі мен өгей шешесі үнемі қолмен де, аяқпен де, тіпті бейсбол таяғымен де ұрып-соққан.

Фрунзе аудандық соты Санкт-Петербург қаласының тұрғыны Максим Бердниковты екі айға қамауға алды. Оның жұбайы Татьянаның да қамауда болу мерзімін үш күнге ұзартты. Ерлі-зайыптыларға "алты жасар қызы мен төрт жасар ұлын азаптады" деген айып тағылуда, деп хабарлады қалалық соттардың бірлескен баспасөз қызметі.

Жұма күні Санк-Петербургтің Бас тергеу басқармасы 1996 жылғы ер адам (балалардың әкесі) мен 1984 жылғы әйел (өгей шеше) өздерінің қызы мен ұлын азаптады деген күдікпен бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Бердников үнемі ұрып-соғу арқылы кәмелетке толмағандарға физикалық және психикалық азапқа түсірген деп айыпталды. Санкт-Петербургтің Фрунзе аудандық соты Татьяна Бердникованың қамауда болу мерзімін 72 сағатқа ұзарту туралы шешім шығарды. Бердникова күйеуімен бірге балаларды азаптады деп айыпталуда, деп хабарлады соттың бірлескен баспасөз қызметі.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2014 жылғы қыздың әкесі мен өгей шешесі оны қолмен де, аяқпен де, тіпті бейсбол таяғымен де ұрған. Қыз балаға медициналық көмек көрсетілмеген, соққы салдарынан алынған жарақат іріңдеп, асқынған. Сондай-ақ ер адамның 2015 жылғы туған ұлын да ұрғаны анықталды. Қазіргі уақытта балалар мамандандырылған мекемеге орналастырылды.

Дереккөз: zakon.kz

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

25 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.