{metadescription}
Ақмола облысында кран басындағы қауға құлап, бір адам мерт болды

Ақмола облысында кран басындағы қауға құлап, бір адам мерт болды

Екі жұмысшы 16-18 метр биіктіктен құлады.

Ақмола облысында кранның биік басындағы қауға құлап, бір адам мерт болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 22 қаңтарда Степногорск қаласында болған. Кранның биік басындағы қауға ішінде екі жұмысшы отырған өздігінен қозғалатын мұнараға құлады.

Салдарынан олар 16-18 метр биіктіктен құлады, 32 жастағы монтажшы қайтыс болды, ал 45 жастағы дәнекерлеуші ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оның қабырғалары, жамбасы сынған, сол аяғының тобығы шыққан, ішек-қарнына да зақым келген. Ол жансақтау бөліміне жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.