Боран мен аяздың күшеюіне байланысты еліміздің бірнеше өңірінде сабақтар тоқтатылды
Тіпті, елордада 0-11 (12) сынып оқушыларымен қатар, колледждердің 1-2 курс студенттері де оқымайтын болды.
08:00 24.01.2020
24 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде сабақтар тоқтатылды. Павлодар облыстық Білім беру басқармасының ақпараты бойынша, Павлодар және Екібастұз қалаларында, Баянауыл, Май, Аққулы, Павлодар, Шарбақты аудандарында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптарында сабақ болмайды. Желдің күші 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында қатты желге байланысты Ұлан ауданы, Тарғын ауылында, Жоғарғы Тайынты ауылында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары оқымайды.
Ақмола облыстық Білім беру басқармасының мәліметіне сәйкес, қатты бұрқасынға орай Степногрск қаласында 0-4 сыныптарда, Астрахан, Аккөл, Біржан сал, Сандықтау, Целиноград, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды және Егіндікөл аудандарында 0-11 сынып балалары үйлерінде қалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!