{metadescription}
Қарағанды маңында Жезқазған пойызының 4 вагоны релстен шығып кетті

Қарағанды маңында Жезқазған пойызының 4 вагоны релстен шығып кетті

Оқыс оқиға күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты қалың қар мен қатты боран салдарынан түк көрінбеу жағайында орын алды.

Қарағанды облысының аумағында «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушылар пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті. 

«23 қаңтарда 21:43-те Қарағанды жол бөлімшесіне қарасты Қарабас стансасының «Қарағанды – Пассажирская – Жарық» учаскесінде «Нұр-Сұлтан-Жезқазған» бағытындағы №108 жолаушы пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті. Жолаушылар тасымалымен «Марал-Нұр» ЖШС айналысады. Құрамда 16 вагон болған. Пойыздағы 683 жолаушының ешқайсысы зардап шекпеген», - делінген хабарламада.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға болған жерде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Рельстен шығып кету салдарын жою үшін қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды. Аталған учаскеде пойыз қозғалысы тоқтатылмады. Келесі стансаларға баратын жолаушыларды отырғызу үшін қосымша вагондар ұсыну жұмыстары ұйымдастырылған.

Оқыс оқиға күрделі метеорологиялық жағдайға байланысты қалың қар мен қатты боран салдарынан түк көрінбеу жағайында орын алды. Оқиға орнына «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның пойыздың рельстен шығып кету себебін тергейтін және анықтайтын арнайы комиссиясы аттанды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.