Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Үш оқушы жүкті болып, мектептегі қыздар жаппай тексеріліп жатыр
Өзбекстанда Самарқанд облысы Тайлак ауданында үш оқушы жүкті болып қалды, дегенмен аудандық білім бөлімі мұндай мәліметті жасырып отыр.
08:13 31.01.2020
Бұл туралы Самарқанд облыстық денсаулық сақтау басқармасының бір қызметкері хабарлады. Басқарма қызметкерінің айтуынша, Тайлак ауданында оқушы қыздарды мәжбүрлі түрде УЗИ-мен тексеру жүріп жатыр.
"Ауданда мектеп оқушылары арасында жүкті болғандар көбейген. Жақында кәмелет жасқа толмаған тағы үш қыздың аяғы ауырлаған. Сол себепті жергілікті билік оқушы қыздардың барлығын УЗИ-ден өткізіп жатыр", - деді ол.
Бұл мәліметті жүкті болған қыз оқитын мектептің бір мұғалімі растады.
"Біздің мектепте осы жағдайға қатысты жиналыс болды. Бірнеше қыз жүкті болып қалған, бірақ олардың нақты саны белгісіз. Қазір махалла тұрғындары ол қыздардың бірін ұзатып жатыр", - деді мұғалім.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram