Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Әуе соққысынан ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқан
Сирияның Идлиб провинциясында Ресей тарабынан жасалған әуе соққы кезінде ондаған бейбіт тұрғын қаза тауып, бірнеше ондаған адам жараланған.
10:36 31.01.2020
Бұл жөнінде түріктің Anadolu агенттігі хабарлайды. Шабуыл Эриха қаласында болған, бомба астында жергілікті наубайхана мен аурухана қалды деген ақпарат бар. Ресейдің қорғаныс министрлігі болса бұл ақпаратты арандату деп атады. Эриха Идлиб әкімшілік орталығы мен Маарат-эн-Нууман қаласы ортасында орналасқан. Оған кеше ғана Сирия үкіметі бақылау орнатқан. Былтыр желтоқсан айынан бері қарулы оппозициямен соғысып келеді.
Башар Асад армиясына қолдау көрсетіп келе жатқан Ресей Идлибтегі шабуылға қатысы барын теріске шығарған. Өз кезегінде БҰҰ Ресей мен Қытай Сирияның солтүстік-батысына медициналық көмек жеткізуге жолды жауып тастады деп мәлімдеген. Нәтижесінде Иракта 400 мың гуманитарлық жүк тұрып қалған.
2014 жылдан бері АҚШ жетекшілік ететін халықаралық коалиция Сириядағы радикалды исламшылдармен күрес жүргізіп келеді. Ресей Сириядағы әскери кампаниясын 2015 жылдың қыркүйек айында бастаған. Коалиция Мәскеуді Сирия президенті Башар Асад режиміне қолдау көрсетіп келеді деп бірнеше рет айыптаған. Батыс елдері оны адам құқығын өрескел бұзып отыр деп айыптайды.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram